07.10.2022
113
КӨКОРАЙ
Бір періште су тасыды,
Бірі самал əкелді.
Бірі көкке кемпірқосақ көтерді,
Найзағайы жарқ еткесін аспанның,
Жер бетінде үнсіз қаулап көк өрді.
Содан кейін өзің келдің,
Жарық дүние сұлуы!
Басқан жерің гүлге айналды,
Мына əлем арайланды
Көкорайға сіңіп күннің жылуы.
Əйтседағы шөп тағдыры
Махаббаттай қысқа ғой,
Көз салып ем бірде түртіп ұшқары ой,
Аз-ақ күнде құлпыруы тоқталып,
Жарық дүние сұлуы
Жол жүруге тұрған екен оқталып.