ƏҢГІМЕ
Оймақ ернің қызғалдақтай алқызыл,
Саусақтарың салалы.
Ұстадың ба қолымнан,
Жүрек оттай жанады.
Ұста біраз!
Мен туылған ауылда
Ағаш жоқ-ты саясында жататын,
Көлеңке де рахатқа бататын.
Енді жеттім тілекке,
Аймала біраз!
Мен туылған ауылда
Егістігі болған емес бидайдың,
Бидай түстес шаштарыңды қимаймын.
Тарқат, жаным, бұрымыңды,
Тарқат біраз!
Менің туған ауылым
Ауыл еді
Кеш түсті ме қарақшыдан арылмас,
Сондықтан да жалғыздыққа жаным қас.
Сөйле біраз!
Мен туылған ауылдың
Тұрғындары қуанышты білмейтін
Жандар еді томырайып күлмейтін.
Сондықтан да көңілсізбін,
Күл біраз!
Мен туылған ауылда
Солтүстіктен жел соғатын тоқтамай,
Шыжғыратын құйылғандай отқа май.
Содан ернім тілім-тілім,
Сүй біраз!
Түркиямдай əдемісің, аяулым,
Һəм ыстықсың мен туылған ауылдай.
Туған жерің жайында айтшы əңгіме,
Тыңдайын бір тілегі ортақ бауырдай.
Айт біраз!