07.10.2022
  130


Автор: Мелих Жеудет АНДАЙ

СОРЛЫ АҒАШ

Бір ағаш бар, булығып
тыныш тұруға шыдайды.
Соны көрсем, таң қалам,
Күнде жаңбыр сұрайды.
Айырмайды күн, түнді,
төрт мезгілінде жылдың,
жаңбыр, қар, жел астында
өз-өзінен езілді.
Қарғамайды қайғыны,
танымайды шаттықты.
Бірақ сəуле түскенде
абдырады, аптықты.
Кітап берем мен оған:
тыныштығынан айрылсын,
Əуселесін көрейін
əуелі бір қайғырсын!





Пікір жазу