07.10.2022
134
МАХАББАТ ЖЕЛІ
Аһ, достарым, тыныш едім, не болды,
қаңбақ етіп денемді
бір жел-құйын көтеріп ап жөнелді.
Аһ, не болды,
мені енді
жел көтеріп жөнелді.
Ойламаудан болды бəрі бас қамын,
ақыныңның ерлігі мен дастанын,
жел əкетті достарым,
махаббаттың желі əкетті достарым.