07.10.2022
112
ӨТІРІК
Жақсы күннің ақынымын мен, қалқам,
Бақыт көрсем – өлең айтам айғай сап.
Кедей көрсем – кейін болар байды айтам,
сұлуларға қалың малы жайлы айтам,
тұтқындарға амнистия жайлы айтам.
Əкелері қан майданда мерт болған
ұлдарға айтпай жақсы сөзді – қайда айтам?!
Қызыл тасқын сөз кетеді-ау көпіріп.
Əттең қиын...
Қиын екен өтірік.