07.10.2022
116
ТЕЛЕГРАФ
Көз ілмейсің түнімен,
қасіреті бұл елдің
кірпігіңе тірелді,
түн ұйқыңды төртке бөліп жіберді;
Ұмтыласың сөз жазуға жігерлі.
сен мың сымды телеграф секілді
қабылдайсың, таратасың үніңді
сенің үнің байтақ елге жетулі.
Ұйқы қайда,
ұйқы қайдан болады:
бұрыс сөздер дұрысталған жоқ əлі,
содан дүние тынышталған жоқ əлі,–
ұйқы қайдан болады.
Сөз тересің шымқып қанша,
Отан жауы тұншыққанша,
көз ілмейсің түнімен.
Қасіреті мың адамның – бір елдің
кірпігіңе тірелді.
Саңқылдайсың,
сыбырлайсың,
сайрайсың
түнгі қоңырау – телеграф секілді
тына алмайсың күн шыққанша.