07.10.2022
190
ӨСІМДІК БОЛСАМ ЕГЕР ДЕ...
Өсімдік болсам егер де,
Əн-күйге толсын маңайым,
Шайқалар желге көкорай шалғын болайын.
Дəл үстімнен түсер болса жол ұлы,
Өтсін басып қалыңдықтың көлігі.
Шынжыр табан танкіден тек сақтасын.
Қуған, қашқан əскер емес жəне де,
Тек балалар жүгірсін,
Ел мен елді жалғайтын
Жол боп ақыр жатқасын.
Керек болсам,
Кірпіш қылып құйыңдар,
Мектеп болып тұрайын
Болашаққа сыйым бар.
Тек, тек анау түрме, зындан секілді,
Жайды салып, қызартпаңдар бетімді.
Дабыл емес,
Ерке ысқырық оятсын,
Менің үшін сол болады тоят шын.
Қажет болса қаламсап та болайын
Үкім емес өлімге,
Тек махаббат жайында жыр жазатын толайым.
Өлгеннен соң айналсам-ау жапырағына даңқтың.
Қару-жарақ болудан тек сақтасын,
Атасы сол қауіптің