07.10.2022
  134


Автор: Түрік поэзиясы

Күту

Маған бөгет бола алмайды
Күйкі мұң.
Алыстасаң,
Жандүниең тазарып,
Алыстасаң,
Артады екен сүйкімің.
Сол үшін де кеттім сенен
Жыраққа,
Естен шықсын қалған кездер
Ұятқа.
Көнген сұлу сұлу емес,
Далбаса,
Сол шын сұлу құшаққа енбей
Арбаса.
Өмір сұлу
Күткендіктен ажалды.
Мен күткен жан,
Сен сұлусың ажарлы.
Қанша күтем,
Бір күн, бір ай, мəңгілік?
Күту – жану
Сағынышты əн қылып.
Келу, кету,
Енді бірі болмайды.
Күту – парыз,
Бұл өмірде
Сол қайғы.
Күткен жан жоқ
Келер сəтін
Өмірге,
Туылғасын
Күтерің тек
Өлім де!





Пікір жазу