07.10.2022
  87


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

АЯҚТАР МЕН ҚОЛДАР

Бөлек жатты бір аяқ
Қираған қабырға астында.
Сазға айналыпты бұлшық ет
Қираған қабырға астында.
Аяқта сұр жоқ, бірақ та
Көрінді туфли бір аппақ,
Өмірдің өзі сияқты.
Жұлынып жатты бір қолы,
Өртенген үйдің қасында.
Көмірге айналып бұлшық ет,
Өртенген үйдің қасында.
Қол – қимылсыз, білекте
соғады сағат дірдектеп
өмірдің өзі сияқты.





Пікір жазу