07.10.2022
  131


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

ФРАНЦУЗ АФРИКАСЫ

Кітап жатыр витринада, қатарда,
«Француздың Африкасы» аталған.
Жылы – 1951,
Жазылған ба тегін кітап, тегін жыр.
Көкірегіңді көлеңке өртеп көгілдір,
Қара адамның қасіретін төгіп жүр.
Тамтамымен араласып қыру, асу, ату:
«хапитики хапитаку таку».
Неге дейсің тұрғандарға қатарда,
əлі күнге неге бұл
«Француздың Африкасы» аталған?
Əрине дейді ол-дағы
қараларда жоқ арман,
креске қағып дінді əкелдік оларға,
бізсіз олар көтеріліп болмады.
құлағында үн – қыру, асу, ату,
«хапитики хапитаку таку».
«Француздар Африкасы», міне, осы –
неменеге күлесің?
Əйнек-моншақ үшін анау бір тізбек
апельсин, банан... шыбынын жүр жұрт іздеп.
Құдай берген Күн мен Жердің сыйлығын
Эйфель-мұнара атағы үшін қиды бұл.
Міне саған цивилизация ерікті,
Қара адамдар терісінен барабандар керіпті:
«Хапитики хапитаку таку».
Ал, сен бірақ «Африкасы Француздың»,
бір шындықты ұғынған жөн дұрыс қып:
бостандықсыз болмақ емес тыныштық.
Арық қолда сынық айнасы Париждың
көрсете алмас жүзіңді, мың жыл күт мейлі
Бостандықсыз қасірет биі бітпейді.
Сол баяғы қыру, асу, ату:
«хапитики хапитаку таку».





Пікір жазу