07.10.2022
  148


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

АҒАШСЫЗ АУЫЛ

Қайың, емен, қарағай, тал – бірі жоқ,
Жел ештеңе қалдырмады, тонады.
Ағашы жоқ, ауыл… ауыл түрі жоқ,
бұтасы жоқ құстар қайда қонады?
Селтең етер жалғыз бұта жоқ əне –
Қасіретімді қайтып бассам болады.
Жыл мезгілі алмасады, не пайда,
ағашы жоқ жерді жер деп атай ма.
Жат аулалар көгеріп тұр, көктеп тұр,
біздің ауыл жетім боп тұр, шеттеп тұр.
Жыл мезгілі алмасады, қайғым бірақ баяғы
ағаш құсап жапырағын, жапырағын жаяды.
Жатар ма едім жапыраққа шалқамнан,
тау басынан түн жылысып түскенде
қайғым менің ұлғаяды он есе,
тау басынан ымырт жылжып түскенде.
Жер-ана бізді сүймейді ғой деп біз де
қиналамыз, сондықтан
махаббат та жоқ бізде.





Пікір жазу