07.10.2022
  94


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

ƏЛЕМДЕ

Мұнда,
Үнді мен Африка жерінде,
Ұқсас бəрі бір-біріне тегінде.
Мұнда, Үнді, Африка жерінде
бір махаббат нанға деген,
қорқыныш бір өлімнен.
Кім қай тілде сөйлегені – бəрібір,
бірін-бірі көзбен ұғып шығады.
Кім қай тілде сөйлегені – бəрібір,
Құлағыма желдің үні келеді,
Жел де мені ұғады.
Біз тұрамыз бір-бірімізден бөлек,
Шекаралар кесіп салған жол əне.
Біз жерде осы бөлінеміз өзара,
ал, аспанда мəңгі құстар одағы.





Пікір жазу