07.10.2022
  99


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

ВЬЕТНАМ ЖАҒАЛАУЛАРЫ

Күндіз Тонкин қойнауы Айға ұқсайды көгілдір,
Шөп сыбдырына аралас жыртқыштар жыр төгіп жүр.
Америка жауызы, Азия жерін табады –
Жетістігін ғылымның бомба қылып жарады.
Жиіркенеді көгім де бұ соғыстан ең шексіз,
Ұлы уақыт, жазықсыз қанды, кəне, өлшеткіз,
Сəбилерді ерінсіз, аналарды емшексіз.
Түнде Тонкин қойнауы Айға ұқсайды көгілдір,
күйген еттің иісін жел əкеліп төгіп жүр.
Көрген жоқ-ты мұндайды жер-ана, су, жаға да,
Азия – Ана ақ шашты, қайырымды жер-ана.
Жағалаудың сары ала тауларынан, сан қилы
Қызғалдақтың иісін іздеп самал шалқиды, –
тек өліктің, өліктің иісі ғана аңқиды...





Пікір жазу