07.10.2022
104

ШАБУЫЛ
Ұшағы жаудың, келіңдер!
Бомбамен бізді көміңдер!
Қорқатын пендең мен емес,
Керек пе саған төбелес?!
Мойнымды теріс бұрмаймын,
Мыс сарбаздарым тұр дайын.
Тұр дайын қағаз кемелер
Келіңдер кəне, немелер!
Аяйтын түк жоқ қаруды.
Қоймайды əкем зəру ғып.
Тағысын тағы, шамасы,
Сатып əпереді жаңасын!