07.10.2022
  112


Автор: Октай РИФАТ

ҚҰШАҚ

Көрпем жыртық,
сүйегімді кеміріп,
басады жел қабырғама темірін.
Жылыт мені, осы түнде жылытшы,
бостандыққа деген ұлы сенімім.
Көше суық, өте суық ескен жел,
тоңғаннан көп тоңам-ау деп сескенген.
Жел күшті өте,
зомбы-зорлық күшті одан:
мықты жанды жаншып илеп,
қорлап қайыс қылады,
қара еменді зорлап майыстырады.
Көшеде өлім,
Жаза, мазақ қат-қабат, –
ұр, табала,
кескіле, кес, ат та, ат!
Елер деп ең мына түнде мені кім,
сенен басқа, –
бостандыққа деген ұлы сенімім!
Сал қолыңды алақанға – қысайын,
бер қанатты балапанға – ұшайын!
О, бостандық! Жылыт мені, қынапқа ал,
Мен де жасыл болат қанжарға ұсайын,
бостандыққа деген ұлы сенімім,
бостандыққа деген ұлы сенімім.





Пікір жазу