07.10.2022
  89


Автор: Октай РИФАТ

Алғыс

Бəтіңкем мен пальтома
алғыс айтсам болады.
Алғыс айтсам болады билеп жауған қарға да.
Мына күннің шаттығын бағалағам жоқ əлі.
Алғыс айтам ақ қарға
түсіргені үшін ізімді.
Аспанға алғыс, жерге алғыс –
Мың рақмет, мың алғыс.
Алғыс айтсам, шарлайды
Көңілім болып қыран құс.
Аты жоқ көп жұлдыздар
Көл алғысымның жүзінде
Жылт-жылт етіп жүзіп жүр…





Пікір жазу