07.10.2022
  135


Автор: Түрік поэзиясы

БІЛЕР МЕ ЕМ?

Аяғым менің не дер ем,
Сұраса келіп бетпе-бет.
Тыным бермей көшемен
Жүгірттің қанша текке? – деп.
Жастықтан жұмсақ айырдың
Мас қылып – десе басым да.
Ойлапты өкпе жайын кім?
Жетпесе ауа, расында.
Ауыз, тіс, мына қарынның
Кім көріпті көз жасын?
Ойлапты тіпті барын кім,
Жүрсе де күнде қасында.
Құдірет алып желкеден
Келсе егер тергер күн əлі,
Табанда тұяқ серпер ем,
Мен ғана болсам кінəлі.





Пікір жазу