07.10.2022
  118


Автор: Түрік поэзиясы

ТҮРМЕ ТЕРЕЗЕСІНЕН

Бұл қалада біз де тұрдық, күл мейлің,
еркін едік көліндегі балықтай.
Енді ондай күн бола ма, білмеймін,
Бұл қалада біз де тұрдық, күл мейлің.
Бүкіл дүние секілді еді бұл қала,
Мырзаға да, құлға да,
Енді анау ресторанда мен-дағы
болдым десем – сенбеңіз.
Сонау əсем қонақ үйге мен-дағы,
қондым десем – сенбеңіз.
Шомылатын көл бар дейтін мұнда да,
мен көргем жоқ, естігенмін, əйтеуір,
бүкіл дүние секілді еді бұл қала.
Білетін ем: ағаш бар-ды бір шетте, –
панасыздар алды соны пана ғып.
Бұталары қуып жүріп, тірсектеп
жапырағының жағатұғын бояуын.
Көшелерді білуші едім, неше мың
қайғылылар қыдыратын кешқұрым,
Онда қазір иттер менен ұрылар
қыдырады, – деген лақап естідім.
Бүкіл дүние секілді енді бұл қала,
мырзалары тұрған кезде бұлдана, –
табандарын жатқан кезде құл жалап,
бүкіл дүние секілді еді бұл қала.
Көргенім жоқ құлдарды мен
сотқа келген екі қолы байлаулы,
Азаматты көрдім бірақ мінбеден
қызыл тілі байлаулы...
Мырзаға да, құлға да
бүкіл дүние – бұл қала.





Пікір жазу