Тілек
Мен бəріңнің бақытты
болған кезіңді көрсем,
дігір қағып уақыт тұр.
Мен бəріңді көргім келеді əсем ғып,
Жаңа өлеңдей əсерлі.
Осынау бір шуағында көктемнің,
сені, жүрек ауруымен ауырған,
сені, жастай жоқ қып алған үмітін,
Чиновниктер-бауырлар,
енді бір саты өссең деп ем, жігітім!
Оқушылар кластарға келесі,
көшсе шіркін тоқтаусыз.
Еркек, əйел, жас пен кəрі – бəрі де
дегеніне жетсе деп ем,
жігіттер
қыздарына ұнасын деп тіледім.
Жасыл бұта көлеңкесінде ақ бұлақ
бұрынғыдан қаттырақ
ағады деп білемін.
Шын ғашықтар – ұялшақ қой,
болғаны:
бір-бірінің қысысады қолдарын.
Тереземнен көрейінші сендерді
үйлеріңде болыңдаршы, адамдар.
Радиоңды тыңда, өсек айт,
Мен де енді...
Сорлы болып өмір сүру маған да ар.
Қақпаларды ашып-ашып тастаңдар,
Кеме шықсын теңізге,
бала шықсын ойынға,
ал, əн сала қойыңдар!
Сендер бақытты болсаң,
менің де ойым бар...