07.10.2022
107
ҚҰЛАҚ САЛ
Бақшадан бір əн естілді,
Шырқаған əнші ме, құлақ сал!
Жоқ...
Аспан мен Қара Жер əуені,
Сазында: шырайлы шуақ бар.
Жап-жасыл жапырақ дірілдеп,
Тоңғанда мұңды əнге салады.
Қайтқан құстардың үнінде,
Биіктік даусы бар бағалы!
Табиғат тілінде – бір үн бар,
Түсінсең, жарығым, тыңдағын.
Ей, ақын, жүрекпен ұғыңдар,
Көз жетсе тіліңмен жырлағын...