07.10.2022
138
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-20-17-51-29.png)
БӨЛМЕДЕГІ ТЫНЫШТЫҚ
Бөлмемде – тыныштық,
Төбе – бейнебір қамқор анамдай.
Маған үңіліп қарайтын сияқты
Жаны ашып бəлкім алаңдай.
Төрт қабырға – бауырларым сияқты,
Сыр ашам – санамда.
Сөйлескіміз келеді,
Тілдескіміз келеді біздің,
Үніміз шықпайды неге?
Дəл қазір жапырағымен күздің
Тастай суық қабырғаларда сыр жоқ деме...