07.10.2022
  146


Автор: Жахит Сытқы ТАРАНЖЫ

Өлең

Өлеңім – досым, сүйіктім!
Өзіңмен биікпін.
Сен маған қымбатсың, жақынсың
Анамдай ақылшым.
Өлеңім – тұмарым,
Мөлдір бұлағым.
Өзіңе еркелеп,
Өзіңе жыладым.
Өзіңсің шуақ таң,
Құлыңмын ұнатсаң.
Лəйлідей ыстықсың,
Мəжнүндей құмартсам





Пікір жазу