07.10.2022
  129


Автор: Жахит Сытқы ТАРАНЖЫ

Қозғалыс

Бос тұрған жақтырмаймын мұражайды,
Бейіттің жым-жырттығы ұнамайды.
Барында базар, көше, шайханалар
Мен шатпын, тасым өрге домалайды.
Жатқанға жан жуымас, түңіледі,
Жүргенге ғана жөргем ілінеді.
Ұнатам параходты, пойызды да,
Жатсынбас көліктің əр түрі мені.
Соқ самал, қаттырақ соқ, тербе мені,
Көктем де желмен ұшып келмек еді.
Жел ескі диірменді қосады іске,
Кеменің желкенін де жел кереді.
Ту əсем емес пе жел желбіреткен?
Əдемі, билеп, əйел жел гулеткен.
Көрінер теңіз көркем жел толқытса,
Əрқашан қозғалыста адам да өктем.





Пікір жазу