07.10.2022
  196


Автор: Назым ХИКМЕТ

Біздің үйден шығар ма екен табытым?

Біздің үйден шығар ма екен табытым?
Қиын екен коридордың тары тым.
Табыт қалай шығар екен?
Қинайды:
Үшінші этаж, ал лифтіге сыймайды.
Мен өлгенде болар ма екен шуақ күн,
Қар жауар ма балаларға ұнап бір.
Жұрт қаумалап шығарғанда мені ептеп,
Əлде жаңбыр құяр ма екен шелектеп?
Егер мені машинаға салса ашық,
Балалардың келер екен қаншасы?
Оркестрі ойнай ма, əлде жоқ па оның
Керегі не, болмай өлем өкпелі.
Төнер маған ас үйлердің əйнегі,
Қолын бұлғар балкондарға
жайып қойған көйлегі.
Ұзақ ғұмыр тілеймін мен сендерге,
Көршілерім, ренжімей қой мені.





Пікір жазу