07.10.2022
  125


Автор: Назым ХИКМЕТ

ОПТИМИСТ

Бала кезде ол шыбындардың қанатын,
қырықпаған болатын.
Қуған емес қалбыр байлап құйрығына мысықтың,
Сіріңкенің қорабына ойнамаған қоңыз сап,
Құмырсқаның илеуін де бұзбаған –
Қызғанам!
Өсті солай, ер жетті,
Өзі ешкімге істемеген
Көп сұмдықты, ойлауға да төзбеген
тапты, татты өзгеден.
…Соңғы сағатында болдым қасында:
«Оқы, – деді, ол – жыр жайлы»,
Синхрофазотрон жайлы,
теңіз жайлы, күн жайлы,
Жер серігі хақында,
«Жыр оқы, – дейді, – сырнайлы».
Шексіз деймін ғалам бұл,
Қарағанда ұлылығына адамның.





Пікір жазу