07.10.2022
  148


Автор: Назым ХИКМЕТ

ҚАЛА, КЕШ ЖƏНЕ СЕН

Құшағымда қала, кеш жəне сенсің,
түрленіп –
кешкі шам мен шаш иісі бетіме ұрып тұр менің.
Қайсыңның жүрегің сонша қатты қағатын,
Сонша үндесіп соғатын əр деміммен алатын?
Жүрегі ме қаланың, əлде сенің жүрегің,
жүрегі ме іңірдің,
Бəлкім менің жүрегім?
Қала қайдан басталды,
Басталды екен кеш қайдан?
Қала қашан бітеді,
басталып ең сен қайдан,
бітер екем мен қашан?
Көрейінші маңдайдан!





Пікір жазу