meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  07.10.2022
  209


Автор: Назым ХИКМЕТ

ҚЫЗЫЛ АЛАҢ, БІРІНШІ МАЙ

Қызыл алаң бірінші той – Майды алып,
аралайды бүкіл əлем алаңын айналып.
Туын алып, алмай да,
əнін салып, салмай да
кетті кезіп бүкіл əлем алаңын.
Қызыл алаң биік мақсат, шынар-шың,
Қызыл алаң –
Бостандықтар көксеген
Бұзып кірді түрмені
қабырғасы бір аршын.
Бүкіл... бүкіл параллелдер арқылы
Қызыл алаң тарап жатыр елесі.
Май тойында,
бүкіл дүние Қызыл алаңға айналды,–
Лениннің сөз сөйлеген жері осы.





Пікір жазу