АВТОБИОГРАФИЯ
1902 жылы туыппын,
қайда тудым – соққаным жоқ мен қайтып,
қайта оралу – əңгіме ғой болмайтын.
Үш жасымда Алеппода немересі ем пашаның,
он тоғызда – Москвада,
Коммунистік университетте оқыдым,
Қырық тоғызда – ЦК-да қонақ болып отырдым.
Он төрт жастан бастап өлең жасадым.
Біреулерге жақсы таныс шөп түрі,
Мақтанады:
«балық түрін көп білемін» деп бірі,
Ал, мен болсам...
Білдім құнын ақталмаған үміттің,
Біреу көктің
бар жұлдызын басқа соғып санайды,
ал, мен болсам...
айрылысуды ғана білген жігітпін.
Отельдерге таңдап қондым,
шертіп жүріп шекесін,
Түрменің де көрдім не бір көкесін.
Талай-талай ашықтым мен,
аштық жарияладым,
дүниенің таттым бірақ түрлі-түрлі тағамын,
Отызымда болды мені дарға аспақ,
мойыныма дар арқанын лақтырды;
қырық сегізімде мақтады кеп зар қақсап,
Бейбітшілік үшін сыйлық ап тындым.
Жарты жылда тас еденмен төрт-ақ метр
жер жүргенде – отыз алты жаста едім,
таң қаласың:
елу тоғызымда он сегіз-ақ сағатта өттім
Прага мен Гавананың арасын.
Ленинді тірісінде көргем жоқ,
Жиырма төртінші жылы бір
Құрметті қарауылда тік тұрғам.
1961-де ұқтырғам
Лениннің мавзолейін аралап,
Партиямнан бөлмек болған жауларымды
ықтырғам.
1951-де жас жолдаспен екеуіміз көк теңізде
қарсы бардық ажалға,
1952-де пəре-пəре жүрекпен,
жатып алып шалқадан
төрт ай күттім ажалды.
Сүйікті əйелді қызғандым мен
Жанды жайлап қапа-мұң,
күндеп көрген емен бірақ Чаплиннің де атағын.
Əйелдерді алдап кеттім кей-кейде,
ал, достарды – ешқашан.
Арақ іштім, ішкіш болғам жоқ, бірақ
үзім нанды таптым еңбек-теріммен.
Өтірікті соқтым келіп,
сұмдық бір
көрген кезде шындықты.
Өтірікті ағытып кеп жібердім
өтірігін көрмеу үшін біреудің.
Ал, кей кезде...
Жайдан-жай.
Самолетпен ұшып жүрдім ойланбай,
Көк теңізде бұрқыраған майдандай
Жүздім талай кемемен.
Операға кіріп жүрдім,
Мені өлең
дүниеге шықты алып.
Бірақ, шіркеу, мешітке
Жиырма бірінші жылдан басым сұқпадым.
Сəуегей мен балгерді
тыңдағам жоқ – қате ме?
Сəуегейлік еттім бірақ кафеде.
Жырларымды отыз-қырық ел басты,
Түркия баспайды,
Рұқсат жоқ.
Болған емен министр,
Қолдамайды
болмаймын,
есесіне, мені өлең қолдайды.
Болғаным жоқ соғыста,
Ауырғам жоқ ракпен –
Міндет те емес шығар бұл.
Басқа түссе шыдармын.
Алпыстамын,
Ойланбасқа болмайды:
ақтадым ба азаматтар үмітін,
жоқ па əлде?–
сол қайғы..