07.10.2022
272
ХАС БАТЫРЛАР ЖЫРЫ
Шіреніп садақ тартылар,
Қастасқан жауды атуға.
Толықсып, түнде ай туар,
Биікте тұрып, батуға.
Мəжнүн түзде зарланар,
Қосылу үшін Лəйліге.
Жүрекке ыстық қан толар,
Бір соғу үшін мəңгіге.
Егіліп ақын қамығар,
Тудыру үшін жақсы өлең.
Мызғымас қамал алынар,
Қарумен емес, баспенен.
Шырыны гүлдің ашылар,
Аралар дəмін татуға.
Со гүл де жерге шашылар,
Қажеті болмай пақырға.
Тəңірім – қызды жаратар,
Жар болу үшін еркекке.
Адамды – Алла жаратар,
Өлмекке, жерге бермекке.
Тасқа ұрып, басын тауменен,
Қолына алып жүрегін.
Батырлар дағы жан берер,
Өзекті жанға бір өлім!.