07.10.2022
  122


Автор: Һусейін НиҺал АТСЫЗ

ТҮРІКШІЛДІК БАЙРАҒЫ

Түрікшілдік – ұлы сезім, қасиеті қымыздай,
Түрікшілдік – Ұлы Мұрат, тəттілігі уыздай.
Барлығымыз Ер Түріктің – ұлы менен қызымыз,
Көкке малған көк бояудай, көк аспандай туымыз.
Осы байрақ көлеңкесі – пана болған бозғұртқа,
Аңыз болған, жер бетінен құрып кеткен көп жұртқа.
Тəңірқұттың əскерінен бізге жеткен желбіреп,
Көк байраққа табынамын, жан-жүрегім елжіреп.
Төгілген қан – тарихтың беттерінен жуылмас,
Атсыз – өлер, Бөрібайрақ – ешқашан да жығылмас!





Пікір жазу