07.10.2022
  132


Автор: Һусейін НиҺал АТСЫЗ

«КӨКБӨРІЛЕРДІҢ ӨЛІМІ» (1946), «КӨКБӨРІЛЕРДІҢ ТІРІЛУІ» (1949) атты романдарының беташар жырлары

Көз жіберіп өткенге, Атажұртқа барайық,
Көкбөрінің ажалы – неден болды, қарайық.
Кезді көріп көзбенен, он төрт ғасыр бұрынғы,
Салыстырып көрейік, өткен менен бүгінді.
Дəл жүректен көздеген – кім болды екен кешегі,
Қилы-қилы сұрақты осы кітап шешеді.
Неден, қашан болғанын сорымыз бен бағымыз,
Халқымыздың қапысын қалай тапты жауымыз?
Қайтып, қашан, қай кезде, неден қорықтық, қуандық?
Кек қылышын тот басқан қалай қанға суардық?
Өстік, өндік, гүл жардық, өштік, солдық – біз қалай?
Мүмкін емес еске алу жүрек тулап, сыздамай.
Шолам десең көзбенен көкжиегін көңілдің,
Тоз-тоз болған тағдырын білем десең еліңнің,
Тырнап ашқың келсе егер ащы шындық жарасын,
Бұл кітапты қолға алсаң, барлығына қанасың.
Кəрі Алтайдың шыңына күнмен бірге шығасың,
Ұлы Түрік елінің даналығын ұғасың.
Білгің келсе, бұл жолда, қалай ақты қанымыз,
Сол айлы түн бастауы... Айтқаныма наныңыз.





Пікір жазу