07.10.2022
  120


Автор: Нəжіп Фазыл ҚЫСАКҮРЕК

ПЕРДЕЛЕР

Перделер, əй перделер,
Əр жерде бір зерделер.
Терезені жасырып,
Құпиялап кештерді,
Перделер-ай перделер.
Қайда екен сол сүйіктім,
Біле ме екен перделер,
Тасалайды тұнық түн,
Əй перделер, перделер.
Асыл перне көңілді,
Көреді оны көз шебер.
Біліп тұрсаң белгі бер,
Перделер о, перделер.
Түйістірген жолдарды,
Сезімге не тең келер.
Жалғастырған қолдарды,
Жұмбақсыңдар перделер.
Жүрек тілін ұғатын,
Ұқпағандар сенделер.
Бір сыр бүгіп тұратын,
Қызықсыңдар перделер.





Пікір жазу