07.10.2022
  109


Автор: Нəжіп Фазыл ҚЫСАКҮРЕК

ҚАЙЫРМА ӨЛЕҢ

Есімде, ата, айтқан сөзің:
«Көбі кетіп, азы қалды».
Айтар болдым енді өзім:
Көбі кетіп, азы қалды.
Ор қазуда тауда Ферхат,
Көбі кетіп, азы қалды.
Кісіней бер, ей, ақбозат,
Көбі кетіп, азы қалды.
Бір күн туған менің күнім,
Көбі кетіп, азы қалды.
Қырық күн ойын, қырық күн тойым,
Көбі кетіп, азы қалды.
Ектік, өссін таяқшалар,
Көбі кетіп, азы қалды.
Жолдар да енді аяқталар,
Көбі кетіп, азы қалды.
Жырды ұғар кез бар сияқты,
Көбі кетіп, азы қалды.
Қажет болар нан сияқты,
Көбі кетіп, азы қалды.





Пікір жазу