07.10.2022
  134


Автор: Түрік поэзиясы

Олар

Аналар қайда? Жолбарыс жүректі,
Қасқырдай ұлды туатын.
Айға лақтырып арман-тілекті
Арқанмен белді буатын.
Қайда сол жігіттер?
Қылыштай өткір,
Даланың даусын сақтатар.
«Жүр» деп туды жүргізген
«Тұр» деп жүрек тоқтатар.
Бөрілі байрақ ұстаған олар,
Бөрі боп айға ұлыған.
Кең дүниенің кіндігіне тамар
Түркінің қаны ұлы қан.
Біз кеземіз жердің бетін,
Көшпелі тірлік, көш мейлі.
Көк тастағы жазулардай
Түркінің жаны өшпейді.





Пікір жазу