07.10.2022
  156


Автор: Түрік поэзиясы

Ана

Алғашқы құндағың
Мен болдым, балам.
Алғашқы ойыншығың,
Ол да мен болдым.
Қайғы не?
Тəтті не?
Білмейтін сəби ең,
Бүлдіршін кезіңде
Дəм білер тілің де
Мен болдым.
Қолың жетпеген,
Шамаң келмеген
Кездерде
Ұмсынар қолың да,
Талпынар қанатың
Мен болдым.
Сұғы өтіп кетер деп
Бейтарап көздерден
Күлкіңді,
Жүзіңді,
Қорғаған шымылдық –
Ол дағы
Мен болдым.
Айтпаса айтпасын атымды,
Достарың досының досына
«Оның анасы» десе
Маған жетеді осы да.
Не айтсаң,
Бəрін де істеуге тырыстым,
Сені жақсы көрдім,
Өзі деп түсіндім ырыстың.
Жалықпадым, шаршамадым,
Кей кезде
Ауырттың жүректі,
Сонда да сен дедім
Түбі бір ақтайтын тілекті.
Ренжіп көргем жоқ,
Алғашқы ойыншығың
Мен болдым...
Балам,
Соңғы ойыншығың
Мен болдым.
Лайық емес ем,
Лайық деп таныды ғалам.
Тəңірдің жазуы
Сенің анаң
Мен болдым, балам!





Пікір жазу