07.10.2022
199
Жоқтау
Гүл қыздарым
Үнін Күн мен Ай тыңдар,
Аза жырын сендер, сендер айтыңдар.
Жат өлкеде қайғы-шерге батпасын,
Ерлерімді жұлдыздар да жоқтасын.
Туған жерге сағынышы ойында,
Оғыландар жатыр жолдың бойында.
Самарқанда қалды бірі мəңгіге,
Ол жайлы енді таусылмайды əңгіме.
Енді бірі билеп еді Мысырды,
Оны да уақыт жер қойнына түсірді.
Балқан тау жоқ,
Тянь-Шань да жоқ,
Арал да,
Сан жетпейді құрбандарды санауға.
Бəрі сенің, бəрі сенің əмірің,
Аза жырын өзің үйрет,
Тəңірім!
Мынау арна неге теріс ақпайды,
Неге суын елге əкеліп жатпайды?
Еуфрат, Тигр, толқыны асау Арасым,
Неге шаймайд туған жердің жағасын?
Біз емес пе ек
Отпен, сумен тілдескен,
Еділ, Дунай, нулы Нілмен үндескен.
Грек жерін түрік елі қылған да,
Талай ғасыр
Атойлаған
Бұл маңда?!