07.10.2022
141
КҮТЕМІН
Айлар ағып, жыл өтсе де бəрібір,
Жыл жүрекке мұң ексе де бəрібір,
Сезімімді түн етсе де бəрібір,
Мені сүйер күнің болар, күтемін.
Сөз байласып, тұрмысқа шық басқаға,
Ғашық болған басқаны да тастама,
Үміттінің ешбірін де жасқама,
Түбі бірақ ораласың, күтемін.
Сағынышпен өтсін мейлі тағдырым,
Төксе төксін қасіреттің жаңбырын,
Жер бетінде сені ойлаумен қаңғыдым,
Ақыретте бір келерсің, күтемін...