07.10.2022
  137


Автор: Түрік поэзиясы

АНАМ ҮШІН

Апа, күндер сенсіз өтер боп алды,
Енді зармыз бір көруге молаңды...
Айдалада қорым жатыр қайғылы,
Аңсаған жан келеді деп қай күні.
Сұсты, еңселі бір кесене түбінде
Тұр құлпытас сағыныш бар түрінде.
Тұр құлпытас аты-жөнің жазылған,
Бейітіңде сонау жылы қазылған.
Шер аңқиды бара қалсаң басына...
Дейтұғындай тіршілікте тасыма.
Көз жасымен толтырылған молаға,
Сені осында көміп едік жан ана.
Тек қасірет жаулап алған жүректі
Одан бері қаншама ай, күн өтті.
Дегендейін түбі осында келесің,
Тыныштықтың құшағына енесің,
Еңсені езер мұңмен тербеп жағаны
Арнасында Тигр үнсіз ағады.





Пікір жазу