07.10.2022
138
ЖАҒАЛАУДА МҮЛГІГЕН КЕМЕ
Қайран кеме жағалауда тыншыған,
Түсті ме еске асау толқын ыршыған?
Дүлей дауыл теңізіңді сапырар,
Балдыр исі шексіздікке шақырар?
Таң нұрына боялған шақ күншығыс,
Маңай халге шомған кезде бір тыныш,
Біз де жолға шықсақ, шіркін, кемемен,
Сапар болса Тəңірі өзі демеген.
Тұзды суы от боп тиер ерінге,
Жалғыз қалсақ қатал теңіз төрінде.
Кешкі самал баса алмастан шөліңді,
Күтіп алсақ ұйқы дейтін өлімді.
Қайран кеме жағалауда тыншыған,
Асау толқын түсті ме еске ыршыған?
Теңіз бетін күнде-күнде шолғандар,
Келмес жанды күтіп əуре болғандар?