07.10.2022
  149


Автор: Түрік поэзиясы

ЛƏЙЛƏ

Шырт ұйқыда жатқанда кірді Лəйлə түсіме,
Мұңын шағып жатқанын көрдім жарық шамына;
Өрдім қара шаштарын белуардан түсіре,
Бұғалықтай мойныма салдым сосын тағы да.
Шырт ұйқыда жатқанда кірді Лəйлə түсіме.
Лəйлə... көзі тұп-тұнық елігі ғой даланың,
Шашы хабар береді тағдырынан түнекті.
Апаратын жарына таппай жолдың амалын,
Жанардан жас төгеді, жылатады жүректі.
Лəйлə... көзі тұп-тұнық елігі ғой даланың.
Кірпігінде бір тамшы мөлдірейді жаһұттай,
Түсімде де зарлайды дертін айтып ғашықтың.
Аңлай білсең, қайғысы жан аңсаған бақыттай,
Сезіндім де осыны, көңілімді тасыттым.
Тұр ілініп кірпікте бір тамшы жас жаһұттай





Пікір жазу