07.10.2022
  229


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

Бір нəзік жолдамын...

Бір нəзік жолдамын,
Алысып күдікпенен.
Білмеймін сор, бағым,
Күндіз түн жүріп келем.
Дүниеге келген шақ...
Аяғым шыққанынан, –
Жүрдім мен кеңді аңсап,
Даламмен құт дарыған.
Ұйқыда да жүремін,
Кеткендерді көрем күнде.
Қалуды ойлар жүрегім,
Қарастырып себебін де.
Жазық, тауда, шөлдерде,
Қырық тоғыз жылды өткеріп.
Жат елдерде, бел-белде,
Жүріп келем құрмет көріп.
Тереңірек ойлансаң,
Алыстау жол сезіледі.
Тоқтап бір сəт қайғы алсаң,
Арманың да көз іледі.
Таң қал, Вейсел өте, міне,
Ауыспалы бақ қалай?!
Жету үшін мекеніме,
Кетіп барам тоқтамай.





Пікір жазу