07.10.2022
  107


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

Қасірет шексе де қаншама....

Қасірет шексе де қаншама,
Сау адам армандар күні-түн.
Тоқсан, жүз жасайтын болсаң да,
Өмірде үзілмес үмітің.
Үміті үзілмес пенденің,
Бұл хикмет ұға алмас ешкім де.
Дертті күй кешсең де ең көрім, –
Үмітің жоғалтпас сес мүлде.
Көңілің үміттің жолдасы,
Тау – тасты кезеді бір тынбай.
Ақтық дем сəтте де қолдасып,
Үмітің тұра алмас жұлқынбай.
Жалбарын Вейселім, əрдайым,
Осылай жаратқан Аллаға.
Табытта кепсе де таңдайың,
Үмітің үзілмес сонда да.





Пікір жазу