07.10.2022
  164


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

Сəлем, құрмет бəріңізге ағайын...

Сəлем, құрмет бəріңізге ағайын,
Кетіп барам, бұлдырланды маңайым.
Көрде əлде шөлде жанбақ бақ айым,
Қайтпас жолға кетіп бара жатырмын.
Бір ауылға не қалаға жетемін,
Мүмкін жұлдыз, мүмкін Ай ма мекенім?
Толқыны асау дариядан өтемін,
Қайтпас жолға кетіп бара жатырмын.
Кеме тосып тұр жағада бір мені,
Көтерілген желкенімен іргелі.
Мына əлемнен жоғалтайын сүлдені,
Қайтпас жолға кетіп бара жатырмын.
Жарым, досым, балаларым бол аман!
Күзім жетті жапырағымды тонаған.
Вейсел, түнің тым мұңлылау салады əн,
Қайтпас жолға кетіп бара жатырмын.





Пікір жазу