07.10.2022
  291


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

ТҮРІКПІЗ

Дүниені нұрға толтырып,
Арманмен алысқа жол қуып.
Түрікпіз, түркіні айтамыз!
Өлең – бұл біздің хатымыз
Тастарда жазулы атымыз
Түрікпіз, түркіні айтамыз!
Қуаныш, қайғы да
Сезімге ай куə
Түрікпіз, түркіні айтамыз!
Бесікте, құндақта
Бұл сөзім қымбат та
Түрікпіз, түркіні айтамыз!
Қаңқылдар қаздармен
Достасқан саздармен
Түрікпіз, түркіні айтамыз!





Пікір жазу