07.10.2022
119
Періште
Анасы кеше Зейнепке
«Періште балапаным» деп еді,
Естісімен бұл сөзді
Қыз алаңдап сұрады:
«Періште балапаным» дейсіз,
Түсінбей далмын.
Періштеде қанат болмай ма,
Қайда менің қанатым?
Сонда анасы жауап берді:
«Тағы үш балапаным бар-ды,
Олар қанаттанып ұшып кетті.
Жалғыз қалдырды,
Қасіретке батырды.
Тағы да мұңға батпайын деп,
Қанатыңды қиып алғам,
Қарағым».