07.10.2022
147
ҰЛЫМА
Білем ұлым, бұл өмірге келген жоқсың əлі күн,
Себебі əлі анаң да жоқ айтатұғын анығын.
Келсең бірақ түсінерсің шешкенімді неліктен
Бейбақ ұлым көрмесін деп дүниенің жарығын.
Кешке дейін қой бағарсың, ой бағарсың мұңайып,
Түнде де ұйқың төрт бөлінер, тұра алмассың тыңайып.
Еңбегің еш, сорың қалың атанарсың міскін жан,
Мың бір рет ақталсаң да, тағар жəне бір айып.
Бел қайыспай кім төзеді төксе заман қаһар шын,
Бұл өмірдің түсінерсің екендігін қатал сын.
Жоқшылықтың теңізінен шыға алмассың малтығып,
Көрінгенге тісің қайрап, сосын жылап жатарсың.
Тозар бір күн шəркейің де тігіп берген теріден,
Көз жасыңды құрғатарсың көйлегіңнің жеңімен.
Анадолың анаң болып сипамайды маңдайдан,
Кезбе құсап күн кешерсің мына өмірден жеріген.