07.10.2022
  165


Автор: Түрік поэзиясы

ƏНШІ ТОРҒАЙ

Əнші құстың дауысы
Қандай ғажап, жаным-ау.
Сондай сұлу əр ісі,
Мүмкін емес, танымау.
Бір уыс жем, су ғана,
Оған азық бір күнге.
Ол билейді ырғала,
Соның сырын білдің бе?
Неге екенін білмеймін,
Осы құсқа ғашықпын.
Үлбіреген гүлдей бұл,
Бір көруге асықпын.
Бəлкім, ұзақ қиналған,
Азап көрген құс па екен?
Ғашықтықпен уланған
Құдіретті күш пе екен?
Ондай уайым, қайғы да,
Болған емес құсыңда.
Бір құпия бар мына
Сезімімнің ұшында.
Бақытты құс, меніңше,
Ойламаған жамандық.
Осы құста өзінше
Қасиет бар адамдық.





Пікір жазу