07.10.2022
  120


Автор: Түрік поэзиясы

КҮНГЕ АРЫЗ

Тамылжып таң атады. Таң көрікті,
Тап-таза жаңа таңым жанды елітті.
Самал жел, айдынды көл, нəзік гүлдер
Құс дауысы дүниеге сəн беріпті.
Мұң жоғалып кеткен бе?
Жапырақ білер,
Күн шуағы түскенде тас та күлер.
Барқыттай толқындаған судың демі
Ғажайып бір сезіммен əнді тілер.
Ұясына күн қонар кеш болғанда,
Салқындау жел еседі бой тоңғанда.
Төбеден төнеді енді жұлдызды аспан,
«Ашық таң» тілеуім ғой бұл жалғанға.





Пікір жазу