07.10.2022
  132


Автор: Түрік поэзиясы

СОЛ АРА...

Теңіздерден соққан самал сілкілейді шашымды,
Бір сағыныш қасірет боп, бір сағыныш басылды.
Сағынамын күні, түні, ауыл жəне асылды,
Ішімдегі жиналған жыр маржан болып шашылды.
Көк теңіздей буырқанар менің жазған жырларым,
Кім түсінер əр жырымда айықпайтын мұң барын?
Көкірегімде шешек атқан гүл барын.
Сағынышым дертке айналған бүгінде,
Бұл сырымды кім ұғады тірімде?
Тұманды күнде тұманды теңіз мұңданар,
Өтермін мен де жарымды аңсап бір қарар.
Соңымда сөйтіп мұң қалар,
Талықсып жеткен үн қалар.
Сен екеуміз, теңізбенен үшеуміз,
Көк ғарыштан қоңыр кешке түсерміз.
Ауылдардан көк сағымға малынған
Қасіреттің уын содан ішерміз.
Қайран ауыл,
Көкіректе сақталған,
Көк түтіндер, адам ізі тапталған...
Дөңбекшиді теңіз сүйіп жағаны,
Сұлу қыздар сұлу басып барады.
Көзіме мың көрінетін ардағым,
Оның бəрі ауылдасым, жан жарым.
Оларменен мұңдас жаным, барым да,
Адамдаймын қарсы тұрған дауылға.
Ондай ауыл дүниеде табылмас,
Өткен шағым – буырқанған жалын жас.
Оның маған өзені де өзгеше,
Ондай мекен алмас маған кездесе.
Біле алмассың, сен екеуміз ғанамыз,
Мені ойласаң, көк теңізге қараңыз.
Бұл араның қасиетін кім ұққан,
Көк теңіздің жағасында тыныққам.
Алыстағы бүкіл ауыл көгілдір,
Қасіреттен тұра ма өзі өмір бұл?
Бұл ауылым,
Қиялымда бар ма еді?
Жеткізбейтін тағдыр жолы тар ма еді?
Жалаң ойлар жабырқатар жанымды,
Түсіндірші, тағдыр жолы тар ма еді?
Тек білерім, көк теңізде екеуміз,
Екеуміз де бұл өмірден өтерміз.
Көгілдір кеш көк тұманда дірілдер,
Ыстық демдер, ыстық үндер күбірлер.
Көп ойларым, көк сағымға дамылда,
Сол айдалған, сол қуылған ауылда





Пікір жазу