07.10.2022
  90


Автор: Яхия Кемал БЕЙАТЛЫ

САРБАЗДАР

Мың атты əскер, жүруші едік мақтан қып,
Мың атты əскер, жауды жеңдің талқан қып.
Сардарбегім, ақбоз аты тулаған,
Алға! – деді, кешіп өттік Дунайдан.
Жасындай боп ұмтылдық біз қолменен,
Түрік аты шаңдатып өткен жолменен.
Жұмақ барып, гүлге айналып кеткен бе,
Көз алдыма келеді əлі өткен леп.
Мың атты əскер, жүруші едік мақтан қып,
Мың атты əскер, жауды жеңдің талқан қып.





Пікір жазу